Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ РЕЙДІ

МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ РЕЙДІ

Бүгінгі таңда Жамбыл ауданында індеттің алдын алу, таратпау үшін шаралар үздіксіз атқарылуда.

Белгіленген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Кеше құрамында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, аудан әкімінің бас инспекторы Тимур Тұрсынбеков, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Талғат Шынтасов бар топ аудан орталығындағы нысандарды аралап қайтты. Рейд барысында кәсіпкерлік нысандардың, оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының санитариялық жай-күйі сараланды. Нәтижесінде 1 дәмханаға хаттама толтырылды.
Шұғыл топ коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Бүгінде тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қойылған талаптарға бағынбаған кәсіпкерлерге заңнамаға сәйкес шаралар қолданылуда. Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық кәсіпкерлік нысанға мобильді топтар тарапынан тексеру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы орайда аудан тұрғындарын енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.

Другие новости