Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

МӘМС жүйесін түсіндірудеміз

МӘМС жүйесін түсіндірудеміз

Ақбастау ауылдық округіне қарасты Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдарының тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша округ әкімі аппаратының қызметкерлері фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкері Г.Майрықовамен бірлесіп тізім бойынша «сақтандырылмаған» азаматтарды өзектендіру бойынша жоспарға сәйкес аулаларды аралап, БЖТ төлеу жайын түсіндірді.

Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты кейбір азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына төлейтін жарнасы да көбейген.
Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер әлеуметтік медициналық сақтандыруға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде жарна салады. Биыл 1 АЕК – 2917 теңге. Бұл – республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы баға. Ал басқа елді мекендердегі бірыңғай жиынтық көлемін төлеушілер оның жартысын, яғни 1458,5 теңге төлейді. МӘМС-ке жарна төлейтін басқа санаттағы азаматтардың төлемі сол қалпында сақталған. Айталық, жұмыс істейтін тұрғындар жалақының 2 пайыз мөлшерінде төлейді. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ең төменгі жалақының 5 пайызы мөлшерінде жарна құяды. 2021 жылы ең төменгі жалақының мөлшері өзгерген жоқ, сол 42500 теңге көлемінде қалды. Демек, бұл санаттағы азаматтардың да сақтандыру қорына беретін жарнасы бұрынғыдай – 2975 теңге. Бұдан өзге, азаматтардың 15 санаты бар, арнайы жеңілдігі бар бұл тұлғаларға жарнаны мемлекет төлейді. «МӘМС жарнасын екінші деңгейлі банктер және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде төлем қабылдау терминалдарымен төлеуге болады», деп түсіндірудеміз.

Другие новости