Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Көзімізді қалай сақтап жүрміз?

Көзімізді қалай сақтап жүрміз?

Адамның көзі ең күрделі және атқарар қызметі ерекше орган болып есептелетіні баршаға аян. Қос жанары арқылы жарық дүниені, ондағы жанды-жансыздың бәрін көру бақыты бұл адамға Алла тағаланың құдіретімен берілген үлкен сый. Осы құны ештеңемен өлшенбейтін сыйдың қадірін толық біліп жүрміз бе? Көзімізді қалай сақтап жүрміз? 

Адамның көзі ең күрделі және атқарар қызметі ерекше орган болып есептелетіні баршаға аян. Қос жанары арқылы жарық дүниені, ондағы жанды-жансыздың бәрін көру бақыты бұл адамға Алла тағаланың құдіретімен берілген үлкен сый. Осы құны ештеңемен өлшенбейтін сыйдың қадірін толық біліп жүрміз бе? Көзімізді қалай сақтап жүрміз? 
Қазіргі таңда көз жітілігі бұзылуының ең көп тараған нұсқаларының бірі алыстан көрмеушілік (миопия) болып табылады. Жыл сайын өткізілетін диспансерлеу нәтижесінде оқушының денсаулығында түрлі ауытқулар бар екендігі анықталуда. Мектепте оқыған кезде жүктеме көбейген сайын толығымен қорек алмайтын көз алмасының қабығы созылады. Күн тәртібі дұрыс емес, жеткіліксіз жарық, компьютермен немесе жайсыз жазу үстелінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу барысында көз жітілігін төмендету қаупі өзекті мәселе болып қалады. Жыл қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі тереңдетілген дәрігерлік тексеру нәтижесінде 1-4 сынып оқушылары арасынан 32 бала, 5-9 сынып оқушылары арасынан 64 бала және 10-11 сынып оқушылары арасынан 18 баладан көз ауруларының түрлері анықталды. 
Жағымсыз салдарлардың алдын алу үшін ең алдымен баланың күн тәртібіне, дұрыс тамақтануына, дәрумен терапиясын алуына назар аудару қажет. Әрбір оқушы бойына және денсаулық жағдайына сәйкес партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу жылының басында сынып журналында орналастыру схемасы мен денсаулық парағы толтырылады. Парталар олардың нөмірлеріне қарамастан, есту және көру қабілеті нашар балалар отыратын парталар бірінші қатарға орналастырылады.
Көз жітілігін жас ұлғайып қартайған шаққа дейін сақтау үшін жайсыздықтың алғашқы нышандары пайда болғаннан дәрігерге қаралу қажет.

Другие новости