Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Өлкетану музейіне саяхат

Өлкетану  музейіне саяхат

Аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында аудандық өлкетану музейіне жас оқырмандар арасында саяхат ұйымдастырылды.

Аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында аудандық өлкетану музейіне жас оқырмандар арасында саяхат ұйымдастырылды. Саяхатты өткізудегі басты мақсат – ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи, рухани мол мұраға да ие екенімізді таныту, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, насихаттау.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасау көзделген. Осы орайда, оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева жас оқырмандармен өлкетану музейіндегі экспонаттарды көрді. Музейдің экскурсоводы И.Мыңжасарова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени ескерткіш, ал жергілікті мәндегі өңірлік қасиетті орындар картасына 27 нысан енгенін тілге тиек етті.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Олардың 5-еуі – халықаралық, 25-і – республикалық, 711-і – жергілікті дәрежеде, қалғаны алдын ала тізімге алынып отыр.
ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұра» тізбесіне Жамбыл облысы аумағындағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары мен Ақыртас сарай кешені енгізілген. Алдағы уақытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» іріктелген нысандардың фотосуреттері, сызбалары, аэрофотолары, архивтік құжаттары және аңыз әңгімелері жинақталып, «Әулиеатаның киелі жерлері» атты арнайы сайтына орналастыратыны туралы мәлімет берді. 
Саяхат соңында «Қасиетті жерлер – рухани қазынамыз» тақырыбындағы ашық қарау көпшілік назарына ұсынылды.

Другие новости