Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

ОҚУШЫЛАР АҚЫНҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫН ЖЕТКІЗДІ

ОҚУШЫЛАР АҚЫНҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫН ЖЕТКІЗДІ

Мұқағали шығармалары туралы сөз етсек, елең етпейтін қазақ жоқ. Әсіресе жас буын өкілдері Хантәңірінің мұзбалағы атанған ақиық ақынның өлеңін ерекше ыждаһаттылықпен оқып, рухани ләззат алады. Оның достық, өмір жолы туралы салмақты өлең шумақтары бүгінгі қоғамның кескінін суреттеп тұрғандай. Көкірек қойнауында қайнаған асыл сөздері оқырман көңіліне сәуле түсірген ақын халық жадында мәңгілік қала бермек.

Жуырда аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі кітапханашыларының бірлесе ұйымдастыруымен «Сағынады жүрек Мұқаңды іздеп» атты әдеби кеш өтті.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған шарада кітапханашылар қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздың өмір жолы туралы айтып, шығармаларындағы қанатты сөздер мен терең ойларды оқырмандарға ашып көрсетсе, мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары ақынға деген ықыласын жыр жолдары арқылы жеткізе білді. Мысалы, Самал Қойшыбай «Таудағы нөсер», Балауса Қонақбай «Несіне ойланасың», Қанағат Мейірбекқызы «Әкеме», Темірлан Анайбаев «Қарасаз», Бибінұр Көпбосын «Шыда, шыда» өлеңдерін мәнеріне келтіріп орындады. 
Шарада «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, әдеби кеш поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаевқа арналған бейнебаянмен түйінделді.

Другие новости