Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Мереке шырайын ашты

Мереке шырайын ашты

Әз Наурыз, әуен наурыз, әзіз наурыз деп қазақ халқы бұл мерекені о бастан Ұлы күнге балаған.

Әз Наурыз, әуен наурыз, әзіз наурыз деп қазақ халқы бұл мерекені о бастан Ұлы күнге балаған. Ғаламат көктемнің иісі, көңілдің хошы аңқыған, нәуірзектей құсының таңдайында тамылжи «ән» шалқыған бұл күн – ардақты әз Наурыз. Күн мен түн теңескен бұл шақ қазақ елі үшін ырыстың, берекенің, молшылықтың қазаны бұрқ-сарқ қайнаған, тірлігінің базары гүлдей жайнаған баяшат мезет сынды.
Осындай берекелі күннің әрбір қызықты сәтінде салт-дәстүрлер орындалып, рәсімдер жаңғырған. 
Жыл басы – Наурыз мерекесін «Ертегі» бөбекжайының ұжымы ерекше қарсы алды. «Көбелек» тобының тәрбиешісі Айнұр Сыздықова ұйымдастырған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ертеңгілікте бүлдіршіндер ұлттық ойындар ойнап, наурыз жырларын айтты. Інжу мен Азиза есімді қыздардың айтыстары көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды. Ал «Қара жорға» биін билеп, арқан тартысқан балалар ұлы күннің шырайын келтірді.
Көрермен болған апа-әжелер бата-тілек айтып, ертеңгілікті жоғары деңгейде ұйымдастырған Айнұр Амантайқызына алғысын жеткізді.

Другие новости