Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

Мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды

Жуырда Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназияда халқымыздың ұлы жырауы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы құрметіне бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Жамбыл Жабаевтың өмірі, отбасы, еңбек жолы, жырлары» тақырыбында тәрбие сағаттары, 8-9 сынып оқушылары арасында «Жүз жасаған бәйтерек» атты шығарма байқауы, 5-7 сынып оқушылары арасында «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» атты жыр мүшәйрасы, 9-10 сынып оқушылары арасында «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында поэзия кеші, 5-8 орыс сыныптары арасында «Жамбыл – жырдың жауһары» атты жыр кеші, мектеп мұғалімдері арасында «Жыр жампозы – Жамбыл» челленджі өткізілді.
Мектеп кітапханасының меңгерушісі Ләззат Қосаева оқушыларға ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасында конференция, «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көрме ұйымдастырды. Екі шара да онлайн режимінде өтті.
Сонымен қатар 8 «а» сыныбының ұйымдастыруымен мәнерлеп оқудан байқау өтті. Ақмаржан Баку, Аида Тотыш, Алдияр Ораз, Ақнұр Жарқымбек сынды оқушылар белсенділік танытты. Жеңімпаздарға Ақбұлым ауылының жастары атынан қаржылай сыйақы тағайындалды. 
Айтулы мектепішілік іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Другие новости