Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Қолөнер бұйымдары – халық қазынасы

Қолөнер бұйымдары – халық қазынасы

Аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері – асыл қазына» қолөнер шеберлер клубының топ жетекшісі, кітапханашы Құралай Асхатаеваның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Қазақтың ер-тұрман әбзелдері» тақырыбында Аса ауылының тұрғыны Ардақ Абдуллинмен сұхбат өтті. 

Көпшілікке ат әбзелдері жайында ақпарат бере отырып, олардың қызметтері мен жасалу материалдары жайлы мәлімет беру, қолөнерге  деген  қызығушылықты арттыру мақсатында өткен жылы жүздесуде кітапханашы «Қазақ халқының қолөнері» тақырыбында ақпарат беріп, ат әбзелдеріне  жеке-жеке тоқталды. Сұхбат кешінің кейіпкері Ардақ Мұхитұлы да  ат әбзелдері жайлы әңгіме өрбітіп, бұйымдардың  жасалу әдістерінің қыр-сырларымен бөлісті. Қолынан шыққан бұйымдарының сырын айтып, бұл кәсіпті әкесі Мұхиттан үйренгенін, бала кезінен ат әбзелдеріне әуестеніп, қолөнерге бір табан жақын болғанын тілге тиек етті. 
Соңынан қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева «Қолөнер – мол өнер» атты ашық қарауға библио­гра­фия­лық шолу жасады. Сондай-ақ, «Нағыз өнер – қолөнер» атты слайд көп­ші­­лік назарына ұсынылды.

Другие новости