Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК ТОҒЫСЫНДА

УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК ТОҒЫСЫНДА

Жақында аудандық орталық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт» тақырыбында конференция болып өтті.

Жақында аудандық орталық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Уақыт пен кеңістік тоғысындағы ұлт» тақырыбында конференция болып өтті. Оқу залының кітапханашысы Нүрипа Манабаева жүргізген танымдық шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты Бақытжан Кикбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, кеңес мүшелері Сайлаубек Ережепбаев, Сәрсен Күзербаев, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Нышанбек Малдыбаев, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Кенжегүл Рахметова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білімгері Нұрай Садралиева, «Шұғыла-Радуга» газетінің бөлім меңгерушісі Ильяс Қалыбеков және онлайн форматта Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ерболат Үкібаев, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Данбаева қатысып, тақырып аясындағы ой-пікірлерін ортаға салды. 
Ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту мақсатында өткен конференцияда Бақыт Уәлиұлы «Тәуелсіздік тарихының тамыры тереңде» тақырыбында ой қозғаса, Нышанбек Сматұлы қазақ ел болып тарих сахнасына көтерілген жылдардағы елеулі оқиғаларды мысалдармен жеткізді. «Тәуелсіздік – ата-баба арманы» тақырыбында сөз алған Кенжегүл Абдыхалыққызы еліміздің рәміздеріндегі ұлттық сипаттардың мән-мағынасына талдау жасаса, Жанар Жандулайқызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы бейнебаянды ұсынды. 
Тағылымы мол кеште оқу залының кітапханашысы Ләйлә Есмурзаева «Тарихтан тамшы сыр» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Тұрақтылық – тәуелсіздік тұғыры» атты слайдты көрермен назарына ұсынды. 
Кешті қорытындылаған білімгер Нұрай Әлимұратқызы өскелең ұрпақ ел егемендігі жолындағы айтулы оқиғаларды жадында сақтайтынын, халық қажетіне жарау үшін аянбай еңбек етуге әрқашан даяр екенін жеткізді.

Другие новости