Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Тұрғындар тілегі назарға алынды

Тұрғындар  тілегі   назарға  алынды

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық мәслихаттың депутаттары Индира Тоғанбаева, Дәурен Ахметжаев жеке мәселесімен келген жергілікті тұрғындарды байыппен тыңдады.

Қабылдауда Аса ауылының тұрғындары – көпбалалы ана Гүлнұр Ерқараева мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны ала алмай жүргенін алға тартса, Мадияр Жантуов кішкентайынан құлағы естімейтінін, мүгедектікке шығуына көмек сұрай келгенін жеткізді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған Перизат Абдуғаниева мүгедек баласына мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек түрлері қарастырылғанын сұрап білсе, Тамара Әлібаева үшінші топтағы мүгедек баласының екінші топқа ауыстырылуына көмектесулерін өтінді.
Халық қалаулылары тұрғындар тілге тиек еткен мәселелерді назарға алып, олар бойынша заңнамалық кеңестер берді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық жұмысқа орналастыруды ұсынды.

Другие новости