Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Түлектер сауапты іс жасады

Түлектер сауапты іс жасады

Бүгінде Алланың жердегі үйі саналатын мешіт әр ауылда бар. Мұнда мінәжат ететін халықтың қарасы күн өткен сайын көбейе түсуде.

Бүгінде Алланың жердегі үйі саналатын мешіт әр ауылда бар. Мұнда мінәжат ететін халықтың қарасы күн өткен сайын көбейе түсуде.
Осындай мешіттердің бірі, 2001 жылы облысымызға белгілі кәсіпкер Ағаділ Еркебаевтың демеушілігімен тұрғызылған «Әбдіһайым» мешіті де халыққа қызмет етуде.
Жуырда редакциямызға жағымды жаңалықты жеткізе келген Ерназар ауылының тұрғыны, осы мешіт қызметкері Ермек Әзімов: «Б.Кейкиев атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектерінің арқасында мешіттің түнгі келбеті көріктене түсті», – деген.
Жақсыны көрмек ниетпен Ерназар ауылына бардық. Көрдік. Көңіліміз толды. Осында ауыл қариялары да, түлектері де жүр.
– Ауыл жастарына рахмет. Шынында ауыл мешітінің түнгі келбеті көріктене түсті. Қызыл, сары, көк жарық сәулесін шашқанда өзіңді керемет сезінеді екенсің, – деді ауыл қариясы Оңғар Үрпеков. Ағаның сөзіне Сатымхан Әбілхасов, Тоқтарбай Бегімханов, Қайрат Қоқымбаев секілді қариялар да қосылған.
Біз осында тағы бір жарқын іске куә болдық. Мешітке түнгі жарық орнатқан жастар ауыл орталығындағы шағын футбол алаңы маңайына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде 30 түп қарағаш көшетін отырғызды.

Другие новости