Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

Байлығымызды бағалайық

Байлығымызды бағалайық

Орман өртімен күрес – әлемдік деңгейдегі мәселе. Оған қарсы іс-шаралар мемлекеттік деңгейде сараланып, жыл сайын хаттамалар мен бұйрықтар шығарылып, орман шаруашылықтарына қомақты қаржы бөлінуде. Соның нәтижесінде мемлекеттік орман қоры жұмыстары реттеліп келеді.

Орман өртімен күрес – әлемдік деңгейдегі мәселе. Оған қарсы іс-шаралар мемлекеттік деңгейде сараланып, жыл сайын хаттамалар мен бұйрықтар шығарылып, орман шаруашылықтарына қомақты қаржы бөлінуде. Соның нәтижесінде мемлекеттік орман қоры жұмыстары реттеліп келеді.
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 4-бабының 61-тармағы және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 2021 жылғы 31 наурыздағы «2021 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» №27-5-6/48 бұйрығымен облыс аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымы 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап белгіленді.
Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тиым салу туралы» №123 қаулысына сәйкес өрт маусымында мемлекеттік орман қоры жерлерінде жеке тұлғалардың жүруіне қатаң тыйым салынды. 
Сонымен қатар, аудан әкімдері мен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтау, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патруль қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылды. 
Апат айтып келмейді. Кімде-кім оқыс оқиғаны байқаса, шұғыл түрде 101 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне немесе 46-46-45, 4-01-01 телефондары арқылы Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыздар.

Другие новости