Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

79,8 тонна қоқыс шығарылды

79,8 тонна қоқыс шығарылды

Наурыз мерекесін қарсы алуға қазақ халқы ерте күннен-ақ дайындықты бастап кетеді. Ауыл-аймақты, көшелер мен арықтарды тазалап, жер-жерге тал отырғызады. 

Наурыз мерекесін қарсы алуға қазақ халқы ерте күннен-ақ дайындықты бастап кетеді. Ауыл-аймақты, көшелер мен арықтарды тазалап, жер-жерге тал отырғызады. Халық таза жерге ғана бақыт келеді деген наным-сенімді серік еткен. Мұндайда абаттандыру және тазалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Өткен сенбіде аудан әкімдігі ұйымдастырған «Аса-Тараз» автожолының бойындағы бүкілаудандық сенбілік Ұлыстың ұлы күніне орай өткізілді. Екі мыңнан астам адам қатысқан сенбілікте аудандағы мекеме-ұйымдардың қызметкерлері қолдарына тырма, айыр, күрек, балта секілді құрал-саймандарын алып, өздеріне тиесілі аумақты күл-қоқыстан арылтып, жол бойындағы ағаштарды бұтап, арық-атыздарды тазалап, қоқысты сыртқа шығарды. Осылайша олар туған өлке тазалығына өз үлестерін қосты. 
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, ол күні тазалық жұмыстарына 2250 азамат, 57 арнайы техника жұмылдырылып, 79,8 тонна қоқыс шығарылған.
Жергілікті тұрғындар сенбілік кезінде ғана тазалықпен айналыспай, әркез өз ауласын, айналасын көгалдандырып таза ұстаса, өңіріміз көрікті де жасыл желекті аумаққа айналары сөзсіз.

Другие новости