Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбылская область

2000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсетті

2000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсетті

Жамбыл облысында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында өткен жылы 8 жылжымалы диагностикалық кешен жеткізілген болатын.

Жамбыл облысында денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында өткен жылы 8 жылжымалы диагностикалық кешен жеткізілген болатын. Облыстың әр ауданында енді бір-бір жылжымалы диагностикалық кешен бар. Бір автобустың ішінде кішігірім емхана орналасқан десек те болады. Осы кешеннің жұмысы ауданымызда қалай жүзеге асырылуда? Ауыл-аймақ тұрғындары игіліктің шарапатын көріп жатыр ма? Кешенде қандай медициналық қызмет түрлері көрсетіледі? 
Осы сауалдарға жауап іздеген біз аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовпен әңгімелескен едік.
 – Сауалдарыңыз өте орынды. Жылжымалы кешеннің жұмысына халық оң бағасын беріп отыр. Көбіне орталыққа сабылмай шағын ғана кешеннің мүмкіндігіне таңдай қаққан жұртшылық қолайлы медициналық қызмет түрлерін ұсынып отырған сала басшыларына ризашылығын білдіруде. Кешеннің ішінде жалпы тәжірибедегі дәрігерлермен қатар, кардиолог, гинеколог, окулист секілді мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде. Ол үшін кешен ішінде цифрлық рентген аппараты, ЭКГ, қан тексеру зертханасы, УДЗ құрылғысы, гинекологиялық бөлме бар. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандус-лифтті қолдануға болады. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков бекіткен кестеге сәйкес денсаулық керуені ауданға қарасты 42 елді мекенге барып, тұрғындарды қабылдайды. Бүгінгі таңда 7 елді мекеннің тұрғындарына жылжымалы кешен қызмет көрсетті. Ауылға аялдайтын уақыт округ әкімі аппаратымен алдын ала келісіліп, округтің және аудандық орталық аурухананың әлеуметтік желідегі парақшаларына бір апта бұрын хабарландырулар жарияланады. Ақпан айынан сапарға шыққан жылжымалы кешен 1976 тұрғынға түрлі көмектер көрсеткен. Жалпы кешеннің жұмысы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың тұрақты бақылауында. Әркез бекітілген кестенің мәліметіне көз жүгіртіп, сапалы көмек көрсетуді, әр тұрғынның денсаулығына баса мән беруді аппараттық кеңестерде тілге тиек етіп отырады. 
Халық қажетіне берілген бұл автобус тоқтаусыз жұмыс жасай бермек, – деді Нұрмахан Досмұханұлы.

Другие новости