Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбыл облысы

Көрнекі ақпараттар дұрыс жазылған ба?

Көрнекі ақпараттар дұрыс жазылған ба?

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен облыс бойынша «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты облыстық айлық өткізілуде. Мақсат – халыққа қызмет көрсету орындарының маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға сәйкес рәсімделуін зерделеу.

Осы мақсатта аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев жетекшілік ететін жұмыс тобы Аса ауылында орналасқан мекеме-ұйымдарға, сауда нүктелеріне бас сұғып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жауапты тұлғаларға, дүкен иелеріне, сатушыларға мән-жайды жете түсіндіріп, аралаған нысандардың сыртқы және ішкі бетінде ілулі тұрған маңдайшадағы жазуларға, жарнамалар мәтініне, жазылу стиліне, мәтіннің дұрыс жазылуына баса назар аударды.
Жалпы көрнекі ақпараттарға қатысты жағдай жаман емес. Десе де, бірқатар мекеме-ұйым мен азық-түлік дүкенінде кемшіліктер анықталды. Жауаптыларға анықталған кемшіліктер бойынша ескерту жасалды. Кемшіліктерді уақытты көп ұзартпай жою керектігі, тіл мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайтыны айтылды.
– Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан, көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәтіні алдымен қазақ тілінде сауатты жазылуы керек. Бұл тіл туралы заңның баптарында нақты көрсетілген. Заң – бәрімізге ортақ. Тілге құрмет – елге құрмет. Тілімізді құрметтеуді, дәріптеуді өзімізден бастайық. Осыны ескеріңіздер. Немқұрайлы болмаңыздар. Көмек керек болса, бізге келіңіздер. Біз өз тарапымыздан сіздерге көмек көрсетеміз, кеңес береміз, – деді Асқар Маратұлы өз сөзінде.

басқа жаңалықтар