Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбыл облысы

Ақыл-ойдың алғыры

Ақыл-ойдың алғыры

Биыл қазақ жұрты ұлтымыздың ұлы жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді. Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баба ұлылығының бес қырын былайша сипаттап берді: «Біріншіден, Жамбыл – өз заманының символына айналған ұлы тұлға. Екіншіден, өмірі туған халқына шексіз сүйіспеншілік пен қалтқысыз қызмет етудің аса жарқын өнегесі. Үшіншіден, халқымыздың суырыпсалма ақындық өнерінің бағын ашып, оның даңқын қазақ жерінен тыс өлкелерге өрлеткен жампоз. Төртіншіден, шығармалары – елдік пен ерліктің тақырыбы. Бесіншіден, халқымыздың өткенінің ойлы шежіресі ғана емес, бүгіні мен ертеңіне де өлшеусіз қызмет ететін рухани ұстаздарымыздың бірі», – деген.

Жамбыл бабамыздың тарих алдында ерекше сіңірген еңбегі әрі тамаша бір қасиеті – елін, жерін қорғаған, халқының басын біріктіріп, тәуелсіздік, еркіндік жолын таңдаған қазақ батырларының ерлігін сипаттайтын тарихи шығармалар шығарып, жырлап өткендігі. Бабамыздың сол арман-тілегі бүгінде қиялдан шындыққа айналып, еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет болды. Менің ойымша, Жамбыл жырына ден қойған сайын қазақтың өлең әлемі, өлең дүниесі деген кезде Абайды, Махамбетті, Жамбылды, Сүйінбайды, өзге де ұлы тұлғаларымызды жадымызда жаңғырту арқылы халықтың санасын, халықтың бойындағы ұлттық рухты тәрбиелеудің үлгісін қалыптастырамыз. 
Қазақтың классик жазушысы, атақты Мұхтар Әуезов «Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик-ақын, әрі айтыс-ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді. Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сәкен Сейфуллин сыйлаған, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген. 
Биік парасатты өнерпаз, халық поэзиясының атасы атанған ақынның есімі елінің жүрегінде мәңгі сақталады. Оның өнегелі өмірі мен мұратқа толы мұраларын ұлықтау шаралары жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде жалғасын табады деп сенемін. 

басқа жаңалықтар