Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбыл облысы

Санаға салған сызы ауыр

Санаға салған сызы ауыр

Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстан әскерлерімен бірге Қазақстаннан 22 мыңнан аса жауынгер интернационалдық міндеттерін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста  ерлікпен  қаза тапса, мыңдаған азамат елге мүгедек болып оралды. Бұл соғыстың зардабы әр шаңыраққа қасірет шектірді. Сондықтан да бұл күн елімізде жыл сайын ерекше атап өтіліп, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қаза болған жауынгерлерге тағзым етіледі.

Тарихи датаға орай аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сәкен Арубаев партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ауғанстан жерінде Отан алдындағы борышын адал атқарып, бейбіт күнде жас ұрпаққа үлгі болып отырған ардагерлермен жүздесті.
1980-1981 жылдары Ауғанстанда офицер болып әскери борышын өтеген, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Әлімжан Ерниязев және аудан жастары қатысқан кездесуде өңір басшысы өзінің жылы лебізін білдірді.
– Бұл күн көңілде сызы, жүректе ізі қалған азапты жыл болды. Бұл күн – қаһарман бауырларымызды еске алатын, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған зар үнінің тоқтаған күні. Сіздердің еңбектеріңіз жастарды қашанда отансүйгіштікке баулитын өмір мектебі болып қала береді. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деп майдангерлерге Алғыс хаттары мен сый-сыяпатын тапсырды. Олармен бірге естелікке суретке түсті.
Отан үшін отқа түскен, өзінің емес, елдің абыройын ойлаған батырлар ерлігі кандай құрметке де лайық. Олардың ұрыс даласындағы ерліктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі бұл күн – жүрекке жара, санаға қанмен және термен жазылған күн.

басқа жаңалықтар