Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Жамбыл облысы

Кітапханадағы кездесу

Кітапханадағы   кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл өтті. Сол кездегі жастар әскерге аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз – Ауғанстан жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандар туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Олар өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін «нағыз сарбаз» атағына лайық бола білді. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен жауынгер жерлестеріміз бүгінде ортамызда жүр.

Жуырда Шайқорық ауылдық кітапханасы оқырмандарға Ауған соғысы туралы мәлімет беру, соғыс ардагерлерімен сұхбаттасу, патриоттық рухы жоғары жауынгер-интернационалист ағаларымыздың ерлігін үлгі ету мақсатында «Ауған ардагерлері – арамызда» атты іс-шара ұйымдастырды. Кітапхана меңгерушісі Ж.Ақшалова жүргізген шараға Жамбыл ауылдық округіндегі Ауған соғысы ардагерлері Б.Нарынбетовпен Б.Шымырбаев, мәдени ұйымдастырушы А.Сейдіғалиев, жастар ісі жөніндегі кеңесші А.Абжанова, жастар, тұрақты оқырмандар қатысты.
Айтулы шарада кітапханашылар қатысушыларды Ауған соғысы туралы мәліметтерден құлағдар етті. Ауған ардагерлері өз кезегінде жастармен сұхбаттасты. Ұрыс қимылдарын еске ала отырып, майдандас жауынгерлердің ерліктері жайында баяндады. Жастарды өз Отанын сүюге, елінің патриоты болуға үндеді.

басқа жаңалықтар